Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 32 оқу орында білім алатын 31 294 студент (елдегі жалпы қажеттіліктің 34 %) студенттік жатақхана орындарына зәру.
Үшінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде Алматы қаласында 2022 жылдың соңына дейін 29 ЖОО-үшін19 942 орынға арналған, оның ішінде ЖОО-лар үшін 19 042 орынға және 3 колледж үшін 900 орынға 39 жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр.
Берілген мәселені шешу үшін 32 жер учаскесінде объектілерді пайдалануға енгізу жоспарда, соның ішіндегі 10 жер учаскесі әкімдіктен бөлінді, 22-сі білім беру ұйымының және инвестордың меншігінде. Қазіргі уақытта ЖСҚ-ны әзірлеу бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Объектілердің пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы тетіктің операторы болып «Қаржы орталығы» АҚ айқындалды.
Тетікке сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жағдайында 47 АЕК төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу кезеңі 8 жыл.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығына ақпарат беру мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласында түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер қатысты.
Жалпы ақпарат:
2019 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша 20 шарт жасалды, олардың шеңберінде 2019 - 2022 жылдар аларығында 6 864 орын-жайды енгізу жоспарлануда, соның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Орал қалаларында құрылыс жүргізу жолымен және 7-уі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларында реконструкциялау жолымен іске асырылатын болады.