Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру шаралары жайлы айта келіп, маңызды жаңалықты хабарлады: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, оның ішінде, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын есептеудің жаңа коэффициенттер кестесін әзірледі.
Жаңа кестені енгізу 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жоспарланған. Білім беру ұйымдары қызметкерлері жалақысын 10-нан 30 пайызға дейін дифференциалды ұлғайту жоспарлануда. Коэффициенттер кестесі білім беру деңгейіне, біліктілікке, жұмыс жағдайына қарай негізгі буындағы қызметкерлерге: колледж оқытушылары, мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының педагогтары, көмекші қызметкерлер: балабақшалардағы бала бағушылар, мекемелерді тазалайтын қызметкерлерге, аула тазалаушыларға, күзетшілерге, басқарушы: колледж, мектептер басшылары, балабақша меңгерушілеріне қатысты болады.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап 208 мың мұғалім (70%) білім берудің жаңартылған мазмұны
бойынша 30%-дық қосымша ақы, біліктілік сынақтарын сәтті тапсырған 60 мың мұғалім - 30-50% қосымша ақы
алады. Тестілеуге педагогтар жылына екі рет - мамыр және қараша айларында қатысады. Үш жыл ішінде біліктілік
арттыру курстарынан орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың психолог және сынып
жетекшілер, 15 мың колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері, 2,4 мың ЖОО оқытушылары өтеді.
Педагогтардың нәтижелі жұмысы үшін оларға үлкен әдістемелік қолдау көрсетіледі, мысалы 120 мыңнан
астам материалдарды қамтитын жүйелік-әдістемелік кешен (ЖӘК) (www.smk.edu.kz) мұғалімдере онлайн қолжетімді,
жүйелік-әдістемелік кешенге кіргендер саны 6 миллион және 33 миллионнан астам жүктеу жасалған. Орта білім берудің
жаңартылған мазмұнын енгізуге арналған 765 алдыңғы қатарлы мектеп бар, олардың әрқайсысына 10 мектеп тәжірибе мен
жаттықтырушылық қолдау көрсету үшін қосылған.
STREAM білім беруді мектептегі оқу бағдарламаларына интеграциялау, IT-дағдыларды дамыту, жобалық және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беруді интеграциялау және оларды тәжірибе жүзінде қолдану, оқу жоспарын
толықтыратын және балаларды дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар жалғасады. ТжКБ және жоғары білім жүйесінде
білім беру бағдарламаларын жаңарту еңбек нарығының талаптарын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын,
жетекші шетел университеттерімен білім беру бағдарламаларын үйлестіруді, кәсіпкерлік негіздерін, жобалық білім беруді
ескере отырып жалғасады.
Студенттерді волонтерлік қызметке тарту туралы Елбасының нұсқауларын орындау үшін волонтерлік ваучер
жүйесін енгізу басталады: 25 сағатқа - 25 мың теңге және екі кредитті қайта тапсырып, 50 сағатқа 50 мың теңге алып,
5 кредитті қайта тапсырады. Осылайша, белсенді студенттер тек өз бастамашылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар
өздерінің кірістерін көбейтіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайды, кәмелет жасқа толмаған девианттық
мінез-құлқы бар балалармен, балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, репетиторлықпен айналысады.