Бірегей иммунтүрлендіруші құралдың өндірісін ұйымдастыру және жаңа препараттың тәжірибелік партияларын шығару

Бірегей иммунтүрлендіруші құралдың өндірісін ұйымдастыру және жаңа препараттың тәжірибелік партияларын шығару

Жобаның жетекшісі: ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Қорлан Есқожақызы Итжанова

Қарағанды қ., «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ

Жобаны іске асыру кезеңі: 2016-2019 жж.

 

Жобаның мақсаты: Жаңа бірегей иммунтүрлендіруші құралдың тәжірибелік партияларын шығару.

 

Күтілетін нәтижелер:

                      -    жаңа бірегей иммунтүрлендіруші құрал өндірісінің технологиясын оңтайландыру;

                      -    иммунтүрлендіруші құралды және талдау әдістемелерінің валидациясын стандарттау;

                      -    «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-не иммунтүрлендіруші құрал өндірісін енгізу;

                      -    иммунтүрлендіруші құралға клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеу жүргізу;

                      -    жаңа иммунтүрлендіруші құралды Дәрілік заттарды ұлттық сараптау орталығында тіркеу;

                      -    Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығына жаңа иммунтүрлендіруші құралды шығару жөніндегі маркетингтік зерттеулер жүргізу.

 

ҒҒТҚН сипаттамасы:

Қазіргі уақытта дәрілік терапияда иммунтүрлендіруші препараттар кеңінен қолданылады. Осындай фармакотерапияның артықшылығы ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға қатысатын эндогенді заттарға жақын немесе ұқсас табиғи қосылыстардың көмегімен ағзаның төзімділігін арттыру үдерістерін басқару болып саналады.

Жаңа фармакологиялық препараттарды іздеу тұрғысынан табиғи биологиялық белсенді қосылыстардың ішінен сесквитерпенді γ-лактондарға, атап айтқанда, арглабин лактонына айрықша қызығушылық туындайды. Аталған қосылыстарға жүргізілген ауқымды фитохимиялық және фармакологиялық зерттеулер жаңа фитопрепараттарды, атап айтқанда, иммунтүрлендіруші әсерге ие құралдарды жасаудың едәуір келешегін айқындайды.

Арглабин субстанциясының негізінде фармакопеялық талаптарға сәйкес келетін, 50 мг дозадағы, ішекте еритін қабықшамен қапталған таблеткалар түріндегі нативті арглабиннің дайын дәрілік түрін өндіру технологиясы мен рецептурасы жасалды.

 

Артықшылықтар:

Эндемикалық тықыр жусан шикізатынан бөлініп алынған сесквитерпенді лактонның негізіндегі өсімдік текті бірегей дәрілік құрал айқын қабынуға қарсы, иммунтүрлендіруші әсерге ие, адам ағзасындағы иммун жүйесін нығайтады, өмірлік тонусты көтеру және әлсіреген науқастарды иммундық оңалту үшін қолданылады, жұмысқа қабілеттілікті, күйзелістерге және жүйкенің тозуына төзімділікті арттырады, уланудың, жұқпалардың алдын алу, олардан қорғану және иммун жүйесінің белсенділігін физиологиялық шекте ұстау мақсатында қолданылу мүмкін.

 

Жобаның ағымдағы жағдайы:

                      -    жаңа бірегей иммунтүрлендіруші құрал өндірісінің технологиясы оңтайландырылды;

                      -    дәрілік затқа клиникаға дейінгі зерттеу жүргізілді;

                      -    талдау әдістемелерін стандарттау және валидациялау жұмыстары аяқталу сатысында;

                      -    биологиялық қолжетімділік жөніндегі және клиникалық зерттеулер жалғасуда;

                      -    Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығына шығару жөніндегі маркетингтік зерттеулер жүргізілуде.

 

Даму келешегі:

Жақын болашақта фармацевтикалық қызметке ҚР ДСМ мемлекеттік лицензиясы бар зауытпен лицензиялық келісім жасау жоспарлануда. Сонымен қатар шетелдік зауыттармен келіссөздер жүргізілуде.