Шарифканов Дулат Нигметқанұлы, «Күн Нұры» ЖШС директоры
Алматы қ. Нұрмаков көш, 2А, «Күн Нұры» ЖШС
2016-2019 жж.
Жобаның мақсаты:
Жаңадан құрылатын типтік шағын зауытта инновациялық қаптамада - реторт пакеттер мен ламистерлік банкада тұтынуға дайын ет және ет араласқан жарма консервілеріне түйе етін өндейтін ресурс үнемдейтін, ғылыми-негізінделген рецептілер мен заманауи технологияларын енгізу.
Күтілетін нәтижелер:
Ғылыми-негізделген рецептілер мен заманауи технологиялық процестерін қолдана отырып, түйе етінен ет және ет-өсімдік консервілерін (түйе еті ботқасы, түйе еті қосылған қарақұмық ботқасы, түйе еті қосылған күріш ботқасы, түйе еті қосылған арпа ботқасы) жасайтын шағын зауыт іске қосылады. Цехтың жылдық өнімділігі 600 000,00 дана консерві.
РННТД сипаттамасы:
Түйе еті мен дайын өнім (консервілер) үлгілерінің органолептикалық, физикалық-химиялық және қауіпсіздік көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді және түйе етінен жасалған ет және ет-өсімдік консервілерінің (түйе еті, түйе еті бар күріш ботқасы, түйе еті бар қарақұмық ботқасы) ғылыми негізделген технологиялары мен рецептуралары әзірленді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша Ұлттық зияткерлік меншік институтына патентке өтінім берілді, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 2 мақала жарияланды.
Артықшылықтары:
- түйе етінің бірегей биологиялық қасиеттері бар. Түйе етінің негізінде дайындалған консервілер халал санатына жататын табиғи, биологиялық таза өнімдер болып табылады. Барлық өндірілетін өнімдер тізбегі Халал, ISO-22000 стандарттарына сәйкес жасалады.
- консервілеудің заманауи технологиялық процестерін қолдану есебінен соңғы өнім пайдалы қасиеттерге және жақсартылған дәмдік қасиеттерге ие болады.
- ламистерлік банка және реторт пакеттерді қолдану дәстүрлі қаңылтыр және шыны ыдыстың алдында бірқатар маңызды артықшылықтарға ие.
Жобаның қазіргі жағдайы:
Жабдықтар сатып алынды.
Қаптаманың дизайны жасалды.
«Түйе етінен консервіні алу тәсілі» патентіне өтініш берілді.
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ерікті түрде сертификаттаудан өткен ұйым стандарты әзірленді.
Шығарылатын өнімге технологиялық нұсқаулар жасалды.
Өндірілетін өнімге нормативтік-техникалық құжаттама әзірленіп, енгізілді.
Ауданы 542 ш. м. өндірістік үй-жайды және 264 ш. м. іргелес аумақты қайта құру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сатып алынған жабдықтың іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді.
Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы санитариалық-эпидемологиялық қортынды алынды.
Консервілердің тәжірибелік партиясы өндірілді.
«НаЦЭкС» АҚ өнімнің сәйкестігі туралы декларация алынды.
Даму перспективасы:
- Дайын түскі ас консервілері түрінде (бірінші және екінші тағамдар, оның ішінде вегетариандықтарға арналған) өндірілетін өнімнің ассортиментін кеңейту.
- Өндірілетін ет және ет – өсімдік консервілері негізінде әскери және гуманитарлық құрғақ азық-түліктің жекелеген тамақтану рационын өндіріске енгізу.
- Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде осыған ұқсас шағын зауыттар құру.