Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша 6 оқу орында білім алатын 2 710 студент студенттік жатақхана орындарына зәру.
Үшінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде Ақмола облысында 2022 жылдың соңына дейін 8 жатақхана 2 328 орынға арналған, оның ішінде 2 ЖОО үшін 944 орынға және 4 колледж үшін 1 384 орынға жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр.
Берілген мәселені шешу үшін 5 жер учаскесінде объектілерді пайдалануға енгізу жоспарда және барлық 5 жер участкесі білім беру ұйымының меншігінде. Қазіргі уақытта 5 ЖСҚ-ны әзірлеу бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде және ҚР ҚІК әзірлеген 2 үлгілік жоба қолданылады.
Объектілердің пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы тетіктің операторы болып «Қаржы орталығы» АҚ айқындалды.
Тетікке сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жағдайында 47 АЕК төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу кезеңі 8 жыл.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік қоғамдастығына ақпарат беру мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Ақмола облысында түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер қатысты.
Жалпы ақпарат:
2019 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша 20 шарт жасалды, олардың шеңберінде 2019 - 2022 жылдар аларығында 6 864 орын-жайды енгізу жоспарлануда, соның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Орал қалаларында құрылыс жүргізу жолымен және 7-уі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларында реконструкциялау жолымен іске асырылатын болады.