Педагогтердің Тамыз конференциясы аясында 2021 жылғы 17 тамызда «Заманауи кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту» панельдік сессиясы өтті.
Панельдiк сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова, WorldSkills Europe Президенті Дита Трайдас, сондай-ақ сарапшылар мен оқу орындарының өкілдері қатысты.
Панельдiк сессияда кәсіби шеберлік дағдылары мен WorldSkills қозғалысын дамыту мәселелерi талқыланды.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.