Педагогтердің Тамыз конференциясы аясында 2021 жылғы 17 тамызда «Халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері мен шетелде оқудың стипендиялық бағдарламалары» панельдік сессиясы өтті.
Панельдiк сессия жұмысына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Карбозова, ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры Ләззат Әділова, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова және халықаралық жобалардың өкілдері қатысты.
Панельдiк сессияда «Болашақ» бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері, білім беру саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша гранттар, жоғары білімнің интернационалдануы мәселелерi талқыланды.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.