2021 жылғы 17 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Жаңартылған білім бағдарламасымен математика пәні бойынша кейбір тақырыптарға талдау» панельдік сессиясы өтті.
Панельдiк сессия жұмысына математика пәні мұғалімдері қатысты. Академияның Youtube-арнасында 1,7 мың адам қарады.
Панельдiк сессияда математика пәні бойынша комбинаторика, ықтималдық, комплекс сандар тақырыптары қарастырылды.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты. Қатысушылар Ырсбек Мәуітке тәжірибе бөліскені үшін алғыстарын білдірді және осындай семинар-тренингтерді жиі өткізуді ұсынды.