Мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру: өзгерістер жолында» тақырыбындағы Халықаралық мектеп жұмысы жүргізілді

Мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған  «Мектепке дейінгі білім беру: өзгерістер жолында» тақырыбындағы Халықаралық мектеп жұмысы жүргізілді

2021 жылғы 17 тамызда Республикалық тамыз конференциясы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру: өзгерістер жолында» тақырыбында Халықаралық мектеп жұмысы жүргізілді.

Халықаралық мектептің ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, «OYNA балалық шақ институты», Балалық шақ университеті (Ресей) болды.

Халықаралық мектеп жұмысына Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен педагогтері, РФ Свердловск облысының білім министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 1 мыңнан астам адамды құрады.

Қатысушылармен сенімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату мақсатында нетворкинг (қатысушылармен танысу) өткізілді, оның соңында Балалық шақ университетінің (Ресей) «КнигаБум», «Проект Игра 4Д», «Проект Чердак времени» жобаларының таныстырылымы ұсынылды.

Халықаралық мектеп жұмысына педагогика ғылымдарының кандидаты, «Балалық шақ университетінің» сарапшысы, профессор, «ПРОдетей» және «ОткрытиЯ» мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының авторы, Мектепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз бағалау құралының бірлескен авторы Елена Георгиевна Юдина қатысты. Ол өз сөзінде қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі білім берудің жай-күйін егжей-тегжейлі талдады. Қазақстандық тәжірибе Қостанай қ. «Ақ ерке» білім беру орталығының басшысы Е.Венгерская; жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының төрайымының орынбасары  Х.Мамедованың баяндамасында ұсынылды.

Халықаралық мектеп жұмысының 2-бөлімінде білім беру салалары бойынша шеберханалар, барлығы 7 секцияның жұмысы ұйымдастырылды, олардың спикерлері «Балалық шақ университеті» командасының әріптестері болды.

Қатысушылар пікір алмасты, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді, толғандыратын сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында өткізілген рефлексия, аталған шараның тиімділігі мен мақсаттылығын көрсетті. Қатысушылар Халықаралық мектеп жұмысы болашақта  жалғасын табады деген сенімде  өз пікірлерін қалдырды.