
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықованың жұмыс сапары аясында білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев Алматы қаласының жастарымен кездесті. Делегация мүшелері сондай-ақ, «SmartPoint» коворкинг-орталығында болып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.