РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ

2019 жылғы 2-4 мамыр аралығында Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваның қатысуымен «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында «ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА» ІІІ республикалық жас патриоттар форумы өтеді. Шараға танымал қоғам қайраткерлері, олимпиада ойындарының чемпиондары, мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелері қатысады.

Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін форумның салтанатты ашылу салтанатына, сондай-ақ БҒМ вице-министрі Э.А.Суханбердиеваның қатысуымен өтетін интерактивті диалогқа шақырамыз.

Іс-шара бағдарламасы қоса берілген.

Өтетін орны мен уақыты: ашылу салтанаты - «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығы, 3 мамыр, сағат 11.00-де, спорт зал; интерактивті диалог - 3 мамыр, сағат 12.00-де, концерт залы.

Журналистерді аккредиттеу үшін: pressa.edu@gmail.com

Байланыс телефондары: 8(71636) 79211