Оқулықтардың екінші басылымында қоғам ұсыныстары ескерілген

Оқулықтардың екінші басылымында қоғам ұсыныстары ескерілген

Мектеп» баспасы З.К. Сабитованың 5 және 7 сыныптарға арналған «Орыс тілі» пәні оқулықтарының екінші, түзетіліп, толықтырылған нұсқасын әзірледі. Жаңа басылымда аталған пәннің қолданыстағы оқулықтарын талқылау барысында аталған барлық конструктивті ұсыныстар ескеріліп отыр. Оқулықтардың алғашқы нұсқасындағы құрылымдық қағидаттар сақталып, бекітілген оқу бағдарламалары мен жаңартылған білім мазмұнындағы оқулықтарға қойылатын барлық әдістемелік талаптарға сай әзірленген.  Екінші басылым оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер қорын жаңартудың белгіленген тәртібі бойынша енгізілмек.

«Мектеп» баспасы