Өзбекстанда «Қазақстандық білім күндері» көрмесі өтіп жатыр

Өзбекстанда «Қазақстандық білім күндері» көрмесі өтіп жатыр

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ҚР БҒМ қолдауымен «Қазақстандық білім күндері» халықаралық білім көрмесін өткізеді.

Шамамен 50 қазақстандық жоғары оқу орны Өзбекстандағы білім көрмесіне қатысады. Университет өкілдері әлеуетті студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесуде.

Қазіргі таңда Қазақстанда Өзбекстанның 10 мыңға жуық азаматы жоғары білім алып жатыр. Білім көрмесі Ташкент қаласында өтіп кетті. Ендігі кезекте Самарқанд, Қаршы, Бұқара және Нүкіс қалаларында өтетін болады. Көрмеге шамамен 25 мың адам қатысады.

Жоғары оқу орындарының осындай іс-шаралары алғаш рет осы жылы Ресей Федерациясының сегіз қаласында өтті. Астраханда, Волгоградта, Орскте, Оренбургте, Челябинскте,Саратовта, Самарада және Омскте «Қазақстандық білім күндері» көрмесіне 10 мың адам қатысты.

Білім көрмелері болашақта Қырғызстанда өткізілетін болады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстанды Орталық Азияның білім хабына айналдыру үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл білім туризмін дамытуға және елге ақша ағынын тартуға, өз кезегінде отандық білім сапасын арттыруға ықпал жасайтын болады.

Қазіргі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарында 23 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. 2021 жылға қарай олардың санын 40 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.