
2017 жылғы қазанның 17-18 күндері Астана қаласындағы № 69 гимназия мектебінің базасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеушілер мен 6, 8, 10-сыныпқа арналған жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші авторлардың жұмыс бабындағы кездесуі өтті.
Жұмыс бабындағы кездесудің мақсаты: негізгі орта білім беруге арналған жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктерін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер мазмұнының бағдарламаға сәйкестігін талқылау.
Кездесуге 53 оқу бағдарламасын әзірлеуші автор, 50 оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші автор, мұғалімдер мен әдіскерлер, білім беру басқармаларының өкілдері және «Арман-ПВ», «Атамұра», «Білім», «Көкжиек-Горизонт», «StudyInn», «Келешек-2030», «Географиядан Республикалық атаулы мектеп», «Мacmillan», «Oxford», «Мектеп», «Алматыкітап» баспаларының басшылары мен қызметкерлері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Жұмыс барысында кездесуге қатысушылар тарапынан үлгілік жұмыс бағдарламалары мен оқулық мазмұнына түзетулер енгізу және олардың мазмұнын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды.
Талқылаулар нәтижесінде, оқу бағдарламасын әзірлеушілер тарапынан да оқулық автортарына, баспа мамандарына оқулық мазмұны бойынша ескертулер мен ұсыныстар жасалды.