
2017 жылдың 21 қараша күні Елордамыз Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Қазақстанның әр аймағындағы «Білім-инновация» лицейлерінің (бұрынғы «Қазақ-түрік» лицейлері) 36 оқушы-президенттерінен құралған кездесу өтті.
Кездесу ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісі ғимаратында өтті. Оқушылар «Жаңа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» патриоттық бағыты аясындағы «ЖАС КӨШБАСШЫ-2017» Құрылтайына келген болатын. Құрылтай барысында Ерлан Сағадиев оқушылармен білім саласына байланысты ойымен бөлісті. Оқушылар көптеген сұрақтар қойып, білім саласына қандай өзгерістер енгізуге болатыны жайлы ой тастады. Кездесу барысында Ерлан Сағадиев оқушыларға сыйлықтар табыстап, естелікке суретке түсті.
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев кездесу барысында:
- «Алдынғы жылы білім саласында көптеген өзгерістер болды. Біз шет елдерден білім программасын алып Назарбаев Зияткерлік мектебіне және «Білім-инновация» лицейлеріне беріп отырымыз. Биыл 107 мектеп сол программа бойынша оқуды бастады»