Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 7 оқу орында білім алатын 1 364 студент студенттік жатақхана орындарына зәру.
Үшінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысында 2022 жылдың соңына дейін 7 жатақхана 2 140 орынға арналған, оның ішінде 1 ЖОО үшін 170 орынға және 6 колледж үшін 1 970 орынға жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр.
Берілген мәселені шешу үшін 7 жер учаскесінде объектілерді пайдалануға енгізу жоспарда. Қазіргі уақытта 4 объект бойынша ЖСҚ-ны жоқ, 3 объект бойынша ЖСҚ қажет емес.
Объектілердің пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы тетіктің операторы болып «Қаржы орталығы» АҚ айқындалды.
Тетікке сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жағдайында 47 АЕК төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу кезеңі 8 жыл.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік қоғамдастығына ақпарат беру мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 16 мамырында Маңғыстау облысында түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер,
«Білім басқармасы» ММ, «Каспий» ӘКК» АҚ, «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы қатысты.
Жалпы ақпарат:
2019 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша 20 шарт жасалды, олардың шеңберінде 2019 - 2022 жылдар аларығында 6 864 орын-жайды енгізу жоспарлануда, соның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Орал қалаларында құрылыс жүргізу жолымен және 7-уі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларында реконструкциялау жолымен іске асырылатын болады.