16 мамырда академиялық адалдық мәселеріне арналған «Академиялық адалдықты ілгерілету және жүзеге асыру саласындағы ең үздік тәжірибе: жаһандық және өңірлік келешегі» IV жыл сайынғы халықаралық конференция өтті.
M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде академиялық адалдықтың мәселелері жөнінде өткен конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің ректоры Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев, Хериот-Уатт Университетінің (Ұлыбритания) қауымдастырылған экономика профессоры доктор Шумей Гао, Еуропалық академиялық адалдық желісі кеңесінің президенті және Германияның Вупперталь Университетінде Білімдер мен деректерді әзірлеу тобының аға ғылыми қызметкері доктор Томас Фолтинек, Аустралия Ұлттық Университетінің жанындағы Ұлттық эпидемиология және халық денсаулығы орталығының басшысы және профессоры доктор Робин Лукас қатысты.
Өзінің алғысөзімен конференцияны ҚР Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова бастап, 2018 жылы M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің бастамасы бойынша құрылған Академиялық адалдық лигасына қолдауын білдіріп, барлық қатысушыларға табыс тіледі.
Содан кейін M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің Ректоры Т.М. Нәрікбаев та баяндама жасап, ҚР Білім және ғылым министріне және спикерлерге өз алғысын білдірді.
Аталған конференция аясында қатысушылар жаһандық және өңірлік деңгейлерде академиялық адалдықты дамытудың өзекті мәселелерін және оның келешегін талқыға салды.