
Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездестім. Вакцина алған студенттер арасында өткен акция шеңберінде аталған жоо-ның білім алушылары Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға келді. Вакцина алған студенттер мен оқытушылар арасында акция өткізетін жоғары оқу орындарының саны күн санап артып келе жатқаны қуантады.Студенттермен кездесу барысында вакцина алудың қаншалықты маңызды екенін талқыладық. Жаңа оқу жылында студенттер дәстүрлі оқыту форматына оралғысы келетіні анық. Бізді коронавирустың елде таралуы алаңдатып отыр. Министрдің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға шақырып, ынталандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл акция біздің азаматтардың санасын оятуға көмектеседі деп сенеміз.Біз бірлесе отырып, қауіпті вирусты жеңе аламыз және карантин мүмкіндігінше тез аяқталады деп үміттенеміз. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинацияны қолдау үшін ынталандыру шараларын ұйымдастыруға шақырамын. Себебі бұл коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы.