«Академиялық адалдықты ілгерілетудегі ең үздік практикалары мен тәжірибесі: еуропалық көзқарас» атты тақырыпқа халықаралық семинар өтті

«Академиялық адалдықты ілгерілетудегі ең үздік практикалары мен тәжірибесі: еуропалық көзқарас» атты тақырыпқа халықаралық семинар өтті

2019 жылдың 17-18 мамырында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде «Академиялық адалдықты ілгерілетудегі ең үздік практикалары мен тәжірибесі: еуропалық көзқарас» атты тақырыпқа халықаралық семинар өткен. 

 

Іс-шараны Еуропалық комиссияның Білім, аудиовизуалдық құралдар мен мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырды. 

Қазіргі таңда Қазақстан отандық университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмысты үдете түсті. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының университеттерінде сабақ беру мен зерттеулерді жүргізуде академиялық адалдықтың ең биік стандарттарын ілгерілетуге бағытталған. 

Семинар аясында жоғары оқу орындарының топ-менеджерлері мен сарапшылары баяндама жасап, жоғары білімнің сапа жүйесін арттыру жөнінде өз ұсыныстарын енгізді. Конференция барысында Академиялық адалдық саласында сарапшы болып табылатын Вупперталь Университетінің профессоры, доктор Томас Фолтынек академиялық адалдықты ілгерілетудің еуропалық үлгісі мен тәжірибесі туралы баяндама жасады. 

Осындай халықаралық семинарлар жыл сайын өткізілуде және тәжірибемен алмасу және оны білім беру тәжірибесіне тиімді енгізу алаңы болып табылады.