
Бүгін елордадағы №80 мектеп-гимназияда алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты шараға еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. «Құрметті ұстаздар, балалар, ата-аналар! Баршаңызды бүгінгі Білім мерекесі - алғашқы қоңыраумен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Балаларымызға үздік оқушылар болып, сапалы білім, жоғары деңгейде тәлім-тәрбие алып, келешекте үлкен өмірдің барлық жолдары ашылсын! Ал ата-аналардың армандары орындалсын!», - деді салтанатты шарада сөз сөйлеген министр. Сонымен қатар ол биылғы оқу жылының ерекшелігінің бірі үлкен өзгерістердің болмауында екендігін айтты. «Ең маңызды мәселелер бойынша шешімдер былтырғы оқу жылында қабылданған болатын. Енді сол жұмыстарды одан ары жалғастыратын боламыз. Жұмыстар қиын емес, мұғалімдер дайын. Оқулықтарды жеткіздік. Біз оны күн сайын тексеріп отырмыз», - деді Ерлан Сағадиев.
Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/89543-erlan-sa-adiev-o-ushylardy-bilim-k-nimen-tty-tady