
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа
2017-2018 оқу жылына дайындығы туралы
МӘЛІМЕТ
(2017 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша)
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша республикада 859,7 мың бала қамтылған 9844мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 7053-і мемлекеттік және 2791-і жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар.
2 621 мемлекеттік балабақшаның (мектеп-бөбекжай кешенінен басқа):
- 1 260-ы – орталық жылытуға қосылған;
- 1 104-де – автономды;
- 150-де – пешпен;
- 107-де – электрқазандықпен жылыту қолданылады.
Өңірлерде отынға қажеттіліктің алдын-алу мониторингі қатты отынға 55668,4 тонна және сұйық отынға - 19621,7 тонна, газға - 65 453997,2 куб. метрді құрайтынын көрсетті.
Республика бойынша жалпы қажеттіліктен (75290,1 тонна) алғанда қатты және сұйық отынның 99,9%-на (75283,1 тонна) келісімшарттар жасалды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жылыту маусымына дайындық
Бекетке жеткізілген қатты және сұйық отынның көлемі оның жалпы көлемінен алғанда 67172,4 тоннаны немесе 89%-ды құрайды. Барлық өңірлерде отынды жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Балабақшалардың жалпы санынан алғанда 2603-да немесе 99,3%-да жүйедегі қысымды тексеру жұмыстары жүргізілді, жылыту маусымына дайындық актісін алды.
238 мектепке дейінгі ұйым күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді, оның ішінде 64 мектепке дейінгі ұйымда күрделі жөндеу қарастырылған. 1 мектепке дейінгі ұйымда жылыту жүйесі, 6-да шатыр жөндеу, 57-де жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет.
60 балабақшада күрделі жөндеу аяқталды. Басқа балабақшаларда жұмыстың 70-80% орындалды, 2 өңірде аяқтау Алматы (3) және Батыс Қазақстан (1) облыстарында жылдың соңына дейін жоспарланды (балалар жақын маңдағы балабашаларға орналастырылған).
Бүгінгі күні 1728 (100,0%) балабақшада 1 млрд. 646 млн. 289 мың. сомаға жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Орта білім беру саласы бойынша
7100 мемлекеттік мектепте 2,9 млн. астам оқушылар мектепке барады.
7100 орта білім беру ұйымының 1 576 мектебінде орталықтандырылған жылу беру жүйесі орнатылған, 4 743 мектепте – автономды қазандық бөлмесі, 518 – пешпен жылыту, 263 –электрқазандық.
6 259 мектепте (88,1%) жүйедегі қысымды тексеру жұмыстары жүргізілді және 7093 мектеп (99,9%) жылыту маусымына дайындық актісін алды.
Орта білім беру ұйымдарында 877 478 т. қатты отын, 251 493 т. сұйық отын, 136 690 587 шаршы м. газ жеткізу жүзеге асырылған.
646 білім беру ұйымдарында жөндеу, оның ішінде 314 мектепте күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
308 (97,7%) мектеп күрделі жөндеуден өтті, жоспар – 314 мектеп, ағымдағы жөндеуден мектеп 4402 (100 %) өтті.
А.ж. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 мектепте күрделі жөндеу аяқталмаған және келісімшартқа сәйкес күрделі жөндеудің аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларына жоспарланған.
Анықтамалық: Батыс Қазақстан облысында – 1 мектеп (Теректі ауданы Сары өмір ауылы Есенжанов атындағы ОББМ, жөндеу уақытында 264 оқушы уақытша ауылдық Мәдениет үйі мен сауықтыру лагерінің ғимаратында оқуда, күрделі жөндеу а.ж. қарашаның аяғында аяқтау жоспарлануда);
Солтүстік Қазақстан облысында – 5 мектеп ( Уәлиханов ауданы Мөртік ОМ, Петропавл қаласы №9 ОМ, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназия, Петропавл қаласы №13 ОМ, Петропавл қаласы №7 ОМ. Оқушылар өз білім беру ұйымдарында оқиды, ремонт жұмыстары оқу-тәрбие процесіне әсер етпейді, күрделі жөндеуді аяқтау қыркүйектің соңында аяқталады деп жоспарлануда).
Оқу жылының басталуына дайындық актісін 99,9% (7094) мектеп алды.
Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша
Республикада 817 колледж жұмыс істейді, контингент – 489, 2 мың. адам.
473 мемлекеттік колледждің 289-ы орталық жылу жүйесіне қосылған, 184-і дербес жылытылады, оның ішінде 20 - пешпен, 5 - электр қазандығымен жылытылады.
Жергілікті бюджеттен колледждерді жылытуды қамтамасыз ету үшін 1 748.6 млн. теңге қарастырылған. Қатты және сұйық отынды жеткізу үшін шарттар жасалған. Жылу беруге дайындық барысы 72% құрайды.
Бүгінгі күні барлық ТжКБ ұйымдарының объектілерінде жылу беру жүйесінің қысымын тексеру және шаю жұмыстары заманға сай жүргізіледі.
29 ТжКБ оқу орнында 2769,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу және 868 млн. теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы
Бүгінгі күні елімізде 130 жоғары оқу орны жұмыс атқарады (ұлттық – 10, мемлекеттік – 32, азаматтық емес – 13, ДББҰ – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 18, жекеменшік – 54, жоғары соттың - 1).
Жоғары оқу орындарының ақпараты бойынша жазғы демалыс кезінде жатақханаларда дайындық жұмыстары жүргізілді (жөндеу, дезинфекциялық жұмыстар) және олар жаңа оқу жылына дайын.