ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҒАЛАУ

ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҒАЛАУ

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қоғамдық бағалау» порталына қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6, 8-сынып оқулықтарының орналастырылғанын хабарлайды 

 

Оқулықтарды «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан (www.okulyk-edu.kz) «Оқулықтарды қоғамдық бағалау» баннері  арқылы көре аласыз.

 

Бұл портал оқу әдебиеттерінің сапасы бойынша ата-аналардың және педагогтар қауымының пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.

 

Сіз оқу әдебиеттерінің сапасы мен мазмұнын жақсарту мақсатында өз пікіріңіз (ескертулер) бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

 

Ынтымақтастығыңызға рақмет!