Павлодар облысындағы "Мектебіме тағзым" әлеуметтік жобасы

Павлодар облысындағы "Мектебіме тағзым" әлеуметтік жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысының білім беру басқармасы «НҰР ОТАН» партиясының Павлодар облыстық филиалының қолдауымен 2017 жылғы 25 мамырдан 31 тамызға дейін «Мектебіме тағзым» жобасын бастады. Аталған жоба үлкен қоғамдық резонанс тудырды. «НҰР ОТАН» партиясының ұсынысы бойынша жобаны өткізу кезеңі оқу жылының соңына дейін жалғасты.

 

Жобаның аралық қорытындылары облыс аудандары мен қалаларында 2 қыркүйекте салтанатты линейкаларда жасалды. Білім беру басқармасы, білім беру мекемелері акцияның белсенді қатысушыларына алғыс хаттарды табыс етті.

 

Жобаның алғашқы кезеңі облыс мектептерінің базаларын құру болды.  3 ай ішінде облыстың 500-ден аса мектеп бітірушісі жобаға қатысты. Алғыс және жақын шетелдегі бітірушілер де қатысты, кейбіреулері өз мектептеріндегі салтанатты линейкаларды өткізуге қатысты. Жоба әр жастағы мектеп бітірушілерін біріктірді, әлеуметтік желілерде топтар мен қоғамдастықтар тіркелді.

 

Бүгінгі күні облыс білім беру мекемелеріне жалпы сомасы 93 млн. теңгеден астам қаражатқа қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

Мектеп бітірушілері жалпы сомасы 47,0 млн. теңгеден асатын қаражатқа 5 робот техникасы кабинетін, 8 шахмат кабинетін ашты, мамандырылған музыка, тарих, биология, информатика, физика, ағылшын, қазақ тілі кабинеттері үшін құрылғылар мен ұйымдастырушылық техника, оқушы жиһаздарын алды.

 

Осылайша, мысалы Павлодар қаласының бітірушілері жөндеу өткізуге көмек берді:  Кенжекөл ЖОМ шатырды жалпы сомасы 1500,0 мың теңгеге күрделі жөндеу, Павлодар қаласының № 2, 9, 17, 28, 33, 34, 39, 43 мектептерінің спорт залдпрын, фойе, оқу кабинеттерін жөндеу, 

 

Екібастұз, Ақсу қалаларының бітірушілері компьютер сыныптарын, тұрмыстық техниканы, музыкалық аспаптарды, мектеп аумағын абаттандыруға құрылыс материалдарын сыйлады.

 

Ақтоғай ауданында жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығының ғимаратын 13,0 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу өткізілді.

 

Железин, Шарбақты, ертіс аудандарының мектеп бітірушілері көп функционалдық спорт алаңдарының, хоккей кортының, жүгіру жолдарының, волейбол, баскетбол алаңдарының құрылысына, спорттық тренажерлар, спорттық мүкәммал алуға, мектеп ауласы мен аумағын абаттандыру және көгалдандыруға қаражат бөлді.

 

Лебяжі, Баянауыл аудандарында мектеп бітірушілерімен музыкалық құрылғылар, музыкалық аспаптар, компьютер техникасын және т.б. алынды.

 

Облыстық мамандырылған мектеп бітірушілері білім беру мекемелерінің кітапхана қорын толықтырып, оқушылар жиһазын, бейнебақылау камераларын сатып алды.

 

Және бұл аталған әлеуметтік жоба шеңберінде мектептерге шынайы және нақты көрсетілген көмек мысалдарының толық тізбесі емес.

 

Тәрбиелеудің маңызды бағыты өскелең ұрпақта жоғары құндылықтар мен патриотизмді қалыптастыру болып табылады. Бәріміздің басымыздан балалық шақ өткен және Отанға деген махаббат кіндік қанымыз тамып, балалық шақ және мектепте оқыған кезіміз өткен жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.

 

Жоба зор рухани аспектіге ие, мұнда әр адам өзінің жеке мысалы және әрекетімен сәттіліктің көп күндегі және мүлтіксіз еңбегінің арқасында, ал патриотизм кіші Отанының сүйіспеншілігінен басталатынын көрсетеді.