
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында «Экспо-2017» шеңберінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумын Орал қаласында 2017 жылғы 22-23 қыркүйекте өткізеді.
Форумға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумдарындағы жеңімпаз топтар - республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Форум бағдарламасында экодизайнерлер байқауы, видеороликтер презентациясы, денсаулықты сақтау, табиғат ресурстарына ұқыпты қарау мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды қорғау қарастырылған.
Қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз зерттеулерін және өнертабыстарын көрсетуге мүмкіндік беріледі. Форумды өткізу талдамалы ойлауды қалыптастыруға және дамытуға, өскелең ұрпақты зерттеу-практикалық қызметіне, олардың өзін-өзі кәсіби анықтауға белсенді тартуға жағдай жасайды.
Форумның жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, кубоктармен және медальдармен марапатталады, жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Қосымша ақпараттар үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: 8 (7172) 24-93-08; e-mail: nt_ekotur@mail.ru.