Пәндік курс: терминология және ағылшын тілінде сабақ берудің негіздері

Пәндік курс: терминология және ағылшын тілінде сабақ берудің негіздері

Қазақстан Республикасы орта мектептерінің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының

«Пәндік курс: терминология және ағылшын тілінде сабақ берудің негіздері» атты 72 сағаттық кезеңі туралы

БАСПАСӨЗ – АҚПАРАТ

 

Мақсаты:

 

Ағылшын тілінің A2 деңгейін меңгерген 4 пән мұғалімдеріне өз пәні бойынша терминология және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін  меңгерту арқылы заманауи білім беру.

 

Міндеттері:

 

  1. Өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгерту;
  2. Осы 4 пәнді ағылшын тілінде жүргізуде әлемнің озық әдістемелерінің бірі – біріктірілген пәндік-тілдік оқыту (CLIL) әдістемесін игерту;

Ұйымдастырылу орындары:

Республикамыздың 16

«USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС өкілдері курс ұйымдастырылған әрбір аймақты аралап, барлық топтағы тәлім алушы мұғалімдерімен кездесіп, жалпы курстың үдерісімен танысып, қадағалады. 

Қтысушылар туралы мәлімет:

 

Жалпы саны 1685 адамды құрайтын орта білім беретін мектептерінің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдері.

Тренерлер туралы мәлімет:

 

«Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде жүргізуде тәжірибеге ие әрі CLIL әдістемесін толық меңгерген, терминология және пәнді ағылшын тілінде оқыту сертификатына ие кәсіби пән мұғалімдері.

 

Курстың  өзектілігі:

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамына сай білім саласын кезең-кезеңімен ағылшын тіліне ауыстыруға байланысты қажетті ресурс қорларын даярлап, дамыту (педагог мамандарды оқыту, оқулықтармен қамтамасыз ету)

Осы мақсатқа сай барлық курс тыңдаушыларына «Астана-Кітап» баспасынан 2017 жылы жарық көрген физика, биология, химия, информатика пәндері терминология жинағы және информатика, физика, биология, химия пәндері ағылшын тілінде 8-сынып оқулықтары сыйға ұсынылды.

 

Әдістемелік құралдың ерекшелігі:

 

Жоғарыда аталған 4 пәнді ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдері мен терминологиясы жинақталған.

Байланыс құралдарымыз:

 

  1. Байланыс телефоны – 8 776 008-78-29;
  2. Электронды пошта – ustazinformation@gmail.com