
2017 жылдың 29 маусымнан бастап осы уақытқа дейін құжаттар қабылдау екі рет өткізіліп, нәтижесі бойынша екі конкурстық іріктеу жүргізілді.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 251 стипендия тағайындалды. Олардың 223-і магистратура, 16-і докторантура, 12-сі тағылымдама бағдарламалары бойынша.
Санаттар бойынша көрсеткшітер: «Мемлекеттік қызметкерлер» санаты бойынша – 21 адам, «Ғылыми және педагог қызметкерлер» санаты бойынша – 6, «Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері» санаты бойынша – 4, «Өз бетінше түскендер» санаты бойынша – 146, «Мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері» санаты бойынша – 0, «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша – 13, «АХҚО қызметкерлерінің тағылымдамасы» бойынша - 9, «Ғылыми қызметкерлер тағылымдамасы» бойынша - 3, «Жалпы конкурс» санаты бойынша - 49.
Қазіргі уақытта 200-ге жуық құжат тапсырылды. Үміткерлер арасында акционерлік қоғам қызметкерлері, шығармашылық саласының өкілдері, АХҚО қызметкерлері, техникалық мамандықтар өкілдері, денсаулық саласының қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, сот және прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары, министрліктердің бірінші басшыларының көмекшілері, комитеттер төрағаларының орынбасарлары бар.