«Арнайы және инклюзивті білім беру: дәстүрлерді сақтай отырып, инновацияларды енгіземіз» панельдік сессиясы

«Арнайы және инклюзивті білім беру: дәстүрлерді сақтай отырып, инновацияларды енгіземіз» панельдік сессиясы

2021 жылдың 13 тамызында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында ұйымдастырылған педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы аясында «Арнайы және инклюзивті білім беру: дәстүрлерді сақтай отырып, инновацияларды енгіземіз» атты арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің секциялық отырысын өткізді. Сонымен қатар секция аясында 3 шағын секция отырысы өтті.

Панельдік сессия жұмысына ҚР БҒМ өкілдері, білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен мамандары, ата-аналар қоғамдастығы, ҮЕҰ өкілдері, ЖОО оқытушылары, педагогтер қатысты.

Конференцияға қатысушылардың жалпы саны еліміздің барлық өңірлерінен 626 педагогті құрады.

Панельдік сессияда арнайы білім беру үшін ерекше білім берілуі қажеттігі бар білім алушылардың арнайы және инклюзивті білім беруінің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу сияқты мәселелер талқыланды.

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар тақырыпқа сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.