Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының форумын өткізеді

Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының форумын өткізеді

Жаһандық білім, технологиялар, еңбек ресурстары нарығындағы бәсекелестіктің артуы жағдайында, білім беру жүйесінің рөлі күшеюде. Қазіргі уақытта көптеген елдердің білім беру жүйесінде өткізіліп отырған реформалар жаһандану сынақтарына жауап болып табылады.

 

Мұның салдарынан, ағымдағы міндеттерге бейімделуге қабілетті қоғамды құруға көмектесуді және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында, аймақтық және халықаралық ынтымақтастық өте маңызды болып табылады.

 

2017 жылғы 24 маусымда Еуропа Одағы және Орталық Азия білім министрлерінің екінші кеңесі барысында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының форумын өткізеді.

 

Форумның мақсаты Орталық Азия мен ЕО елдері оқу орнындарының одан әрі дамуындағы болашағын анықтау және тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары білімді реформалаудың үздік тәжірибесін трансляциялау болып табылады.

 

Іс-шараны өткізу барысында білім беруді интернационализациялау мәселелері, сыртқы сапаны бағалау, білім беру, халықаралық аккредиттеу саласындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері тыңдалатын және талқыланатын, сондай-ақ өңірлік тұрғыдағы жоғары білім беруді дамытудың ерекшеліктері қарастырылатын болады.

 

Іс-шара жұмысына Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарының ректорлары қатысатын болады. Сонымен қатар, шет елдік жоғары оқу орындарының және білім беру саласындағы халықаралық ұйымдарының өкілдерінің қатысуы күтілуде. Ең таңдаулы тәжірибелері мен практикалық ұсыныстарын келесі тұлғалар ұсынатын болады: Михнеа Костою - Бухарест политехникалық университетінің ректоры (Румыния), Адриан Эрлингер – Халықаралық  білім  бойынша  Америкалық  кеңесі  бағдарламалары менеджері (АҚШ), Влад Лихолетов - Пенсильвания мемлекеттік университетінің жаһандық коммуникация менеджері (АҚШ).

 

Жалпы алғанда, форумда 12 баяндама оқылады.

 

Форумның қорытындысы аймақтық және халықаралық деңгейде білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, Еуропалық Одақ пен Орталық Азия университеттері арасындағы диалогты белсендіру және тәжірибе алмасу болады.

 

 

 

Мерзімі: 2017 жылғы 24 маусым

 

Уақыты: 9.00 – 13.00

 

Өткізу орны: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.