«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың жаңа тәсілдері туралы» панельдік сессиясы

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың жаңа тәсілдері туралы»  панельдік сессиясы

 

2021 жылғы 12 тамызда педагогтердің тамыз конференциясы шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің алаңында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың жаңа тәсілдері туралы» панельдік сессия өтті.

Панельдік сессия жұмысына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылардың жалпы саны еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам адамды құрады.

Панельдік сессияда балалар үйлерін трансформациялау, балалар ауылдарын қамқорлыққа алудың отбасылық жағдайында қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін тәсілдер, интернаттық ұйымдардың жұртшылығымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

  1. Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстары мен ұсыныстарын енгізді.