«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері туралы» панельдік сессиясы

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері туралы» панельдік сессиясы

2021 жылғы 11 тамызда педагогтардың Тамыз конференциясы шеңберінде балалар құқықтарын қорғау Комитетінің алаңында «Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері туралы» панельдік сессия өтті.

Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Алматы қаласы ювеналды сотының өкілдері, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың психологтары, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері қатысты. Конференцияға қатысушылардың жалпы саны еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам адамды құрады.

Панельдік сессияда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру, асырап алушы ата-аналардың психологиялық-педагогикалық дайындығын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.