
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2017 жылғы 7-8 сәуірде Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында республиканың балалар музыка мектептерінің 143 басшылары мен педагогтері қатысқан Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.
Үйлестіру кеңесінде музыкалық білім беру мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін қолдану, республиканың балалар музыка мектептерінің педагогтерінің озық тәжірибесін зерттеу және енгізу сұрақтары талқыланды.
Үйлестіру кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша музыкалық білім беруді дамытудың бұдан әрі басым бағыттарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлік, адамгершілік жетілуіндегі олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды анықтайтын қорытынды ұсынымдар қабылданды.