2021 жылғы 5 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті алаңында «2020 жылға арналған балалар жағдайы туралы баяндамасын шолу: жағдайы, проблемалары, шешу жолдары» панельдік сессиясы өтті.
Панельдік сессия жұмысына кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың хатшылары, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, полиция департаменті басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Панельдік сессияға қатысушылар баяндаманың негізгі аспектілерін, ағымдағы жағдайды, проблемаларды, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылады. Баяндама мемлекеттік органдар мен қоғамды балалардың ағымдағы жағдайы және орын алған проблемалар туралы объективті жүйелендірілген ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында дайындалды. Панельдік сессия қорытындысы бойынша Баяндамаға ұсыныстар енгізілді.