«Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары» бағдарламасын жүзеге асыру аясында M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нде Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг Университетімен (Германия) әріптестікте Неміс құқығы мектебі ашылды.
Аталған мектепті ашу және заң құқығы саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсіміне Германияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Тило Клиннер, Аустрияның Қазақстандағы Елшісі д-р Герхард Сайллер, M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti ректоры Талғат Нәрікбаев, Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг Университетінің ректоры профессор Кристиан Титье, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Іргебаев атсалысты.
Мектепті ашу аясында магистратураның «Халықаралық экономикалық құқық және процесс» (LLM Internationales Wirtschaftsrecht und Wirtschaftsprozessrecht) атты қос дипломды бағдарламасының презентациясы өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованың бастамасы бойынша M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің негізінде құрылған жаңа Заң білімінің жобалық кеңсесі ұсынылды. Іс-шара барысында заң білімі мен ғылымын дамытудың, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізудің және Қазақстанда жаңа буындағы заңгер ғалымдарды тәрбиелеудің тиімді үлгісі ретінде әріптес университеттердің заң мектептерінің халықаралық ынтымақтастығының нақты бағыттары, сондай-ақ заң саласында білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында ішкі өзгерістерді ынталандыруға арналған жобалық кеңсесің міндеттері жайында сөз жүргізілді.