Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қаржы орталығы) студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобаларға әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында бизнес үшін неғұрлым тиімді ұсыныстарды жинау бойынша акция өткізуде.
Жоғары оқу орындарының қатысуымен жобаларды іске асырудың негізгі шарттары мен әлеуетті инвесторлар табысының болжамды есебін қамтитын 30-ға жуық ақпараттық кейстер (бұдан әрі-Кейс) жинақталды.
Кәсіпкерлер кеңінен танысу үшін аталмыш кейстер www.studdom.fincenter.kz сайтында "Жаңалықтар" бөлімінде "Бизнес үшін тиімді ұсыныстар" атауымен орналастырылған.
Барлық қажетті қосымша ақпаратты сіз 8 (7172) 695-127, call-центр 8-800-080-28-28 телефон нөмірі арқылы біле аласыз.