
5 сәуір 2017 жылы «Тұран-Астана» университетінде «Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары» атты тақырыпқа дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға көрнекті заңгер-ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты – з.ғ.д., профессор А.Д.Жусупов, з.ғ.д., профессор Ж.Д.Бұсұрманов, з.ғ.д., профессор М.С.Башимов және мемлекеттік-құқықтық, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық пәндер кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, студенттер.
Дөңгелек столдың ашылуында «Тұран-Астана» Университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Т.А.Толқынбаев сөз сөйледі.
Дөңгелек стол модераторы з.ғ.д., профессор А.С.Сман болды. Жұмыс шеңберінде мынадай баяндамалар жасалды: з.ғ.д., профессор Бусурманов Ж.Д. «Азаматтардың құқықтыры мен бостандықтары мәселелері туралы жана қөзқарас»; з.ғ.д., профессор А.С.Сман «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары-мемлекеттің жоғарғы құндылығы» атты тақырыпқа; з.ғ.д., профессор М.С.Башимов «Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру» атты тақырыпқа; з.ғ.д., профессор А.Д.Жусупов «Күшті мемлекет қалыптасу кезіндегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» атты тақырыпқа; ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Г.М.Ажгулова «Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің модернизациясы мен Президент: 2017 ж.» атты тақырыпқа; «Қарулы күштер ардагерлерінің Фонды» қоғамдық фондтың президенті С.З.Бегижанов «ҚР Президентінің адам құқықтарын қорғау бойынша конституциялық-құқықтық өкілеттіктері» атты тақырып және т.б.
Пікірталасқа шақырылған қонақтар, магистранттар, студенттер, Астана қаласының колледждері мен орта мектептерінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек стол жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы жетістіктерді ескере отырып, соның ішінде халықаралық-құқықтық құжаттардың талаптарын орындау, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді сезіне отырып, келесі ұсыныстарды қабылдау: