
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 7 маусымдағы №66 Жарлығына сәйкес өскелең ұрпаққа берген білімі мен тәрбиесі үшін және белсенді қоғамдық қызметі үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің сәулет және құрылыс факультеті «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының доценті Құсайынов Майдан Камекұлы «Шапағат» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Майдан Құсайыновқа мемлекеттік награданы табыс етіп, жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді.