ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН

Хабарлама

 

2019 жылғы 5 және 18 маусымда Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. (бұдан әрі - Комиссия)

Отырыста 2019 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар бойынша секция ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысы қаралды. Мынадай ғылым бағыттары бойынша секция төрағалары ұсынымдармен таныстырды: биологиялық және медициналық ғылымдар, жер туралы ғылымдар, техникалық ғылымдар және металлургия, ауыл шаруашылығы ғылымдар, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, физика, математика және информатика ғылымдары.

Комиссия Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған 4 жұмыстың алдын ала іріктеуден өткен тізімін бекіту туралы шешім қабылдады:

 

1. «Балаларға арналған және емдік-профилактикалық ұлттық мазмұндағы тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндірісі бойынша инновациялық кластерлер».

«Қазақ тағамтану академиясы ҚБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған.

Авторлар ұжымы: Шарманов Төрегелді Шарманұлы (жетекші) – «Қазақ тағамтану академиясы ҚБ» ЖШС президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ресей ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор;

        Абжаппаров Жанкелді Мұсылманбекұлы – «Қазақ тағамтану академиясының «Амиран зауыты» ЖШС Бас директоры, «Қазақ тағамтану академиясы ҚБ» ЖШС аға ғылыми қызметкері;

        Мейрамбеков Қадырбек – «ЕвразияИнвест LTD» ЖШС директоры, экономика ғылымдарының докторы;

        Мейрамбеков Ғалымжан Қадырбекұлы – ЕвразияИнвест LTD» ЖШС директорының орынбасары;

        Синявский Юрий Александрович – «Қазақ тағамтану академиясы ҚБ» ЖШС вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор;

        Терещенко Сергей Александрович – «Ордабасы құс» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы;

        Юн Руслан Борисович – «Қазақ тағамтану академиясының «Амиран балалар тағамы зауыты» ЖШС директоры, «Қазақ тағамтану академиясы ҚБ» ЖШС бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы.

       

2. «Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар циклы».

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған.

Авторлар ұжымы: Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы (жетекші) – «География институты» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, география ғылымдарының докторы, профессор;

Әлімқұлов Саят Құрбанбайұлы – «География институты» ЖШС ғылым бойынша директордың орынбасары, география ғылымдарының кандидаты;

Достай Жақыпбай Достайұлы – «География институты» ЖШС Су мәселелері бөлімінің жетекшісі, география ғылымдарының докторы, профессор;

Есполов Тілектес Исабайұлы – «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КАҚ», басқарма төрағасы - ректор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі, Украинаның ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

Мальковский Игорь Михайлович – «География институты» ЖШС Бас ғылыми қызметкері, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, табиғат, адам қауіпсіздігі және экология ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор;

Северский Игорь Васильевич – «География институты» ЖШС Бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, география ғылымдарының докторы, профессор;

Төлеубаева Лидия Серғазықызы – «География институты» ЖШС Табиғи-шаруашылық жүйесін сумен қамтамасыздандыру және математикалық үлгілеу зертханасының жетекшісі, табиғат, адам қауіпсіздігі және экология ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, география ғылымдарының докторы;

Тұрсынова Айсұлу Алашқызы – «География институты» ЖШС Су ресурстары зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты.

       

3.  «Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер (ірі қара мал, қой, жылқы, түйе шаруашылықтары, ветеринария).

«Байсерке-Агро» оқұ ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған.

Авторлар ұжымы: Бекенов Дәурен Маратұлы (жетекші) – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС директоры, биотехнология магистрі;

        Алиев Мұрат Ашрафұлы – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС аға ғылыми қызметкері, PhD докторы;

        Досмұхамбетов Темірхан Мынайдарұлы – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС бас ғылыми қызметкері;

        Иванов Николай Петрович – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

        Намет Айдар Мырзахметұлы – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы;

        Садықұлов Төлеухан – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор;

        Саримбекова Сәуле Нұрғалиқызы – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі;

        Султанов Ахметжан Акиевич – «Байсерке-Агро» ОҒӨО» ЖШС бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.

4.  «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету».

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынған.

Авторлар ұжымы: Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы (жетекші) – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

        Бекибаев Тимур Талғатұлы – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының «Компьютерлік модельдеу және бағдарламалық жасақтама» бөлімінің басшысы, техника және технология магистрі;

        Жапбасбаев Ұзақ Қайырбекұлы – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор;

        Кенжалиев Бақдәулет Кенжалыұлы – «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ ғылым жөніндегі проректоры, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор;

        Махмотов Ербол – «ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаментінің ҒЗТКЖ және инновациялар секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі;

        Саяхов Берік Қартаңбайұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты.

Алдын ала іріктеу жүргізу туралы хабарландыру                    2019 жылғы 20 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.