Ақтобе облысында студенттік жатақханалардың құрылысы

Ақтобе облысында студенттік жатақханалардың құрылысы

Бүгінгі таңда Ақтобе облысы бойынша 16 оқу орында білім алатын 2 960 студент студенттік жатақхана орындарына зәру.

Үшінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде Ақтобе облысында 2022 жылдың соңына дейін 9 жатақхана 2 960 орынға арналған, оның ішінде 2 ЖОО үшін 1 000 орынға және 14 колледж үшін    1 960 орынға жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр.

Берілген мәселені шешу үшін 8 жер учаскесінде объектілерді пайдалануға енгізу жоспарда. 5 нысан бойынша жер телімдеріне байланыстырылған үлгілік жобалар пайдаланылатын болады, 1 нысан бойынша ЖСҚ әзірлеу сатысында, ал 3 нысан бойынша ЖСҚ жоқ.

Объектілердің пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы тетіктің операторы болып «Қаржы орталығы» АҚ айқындалды.

Тетікке сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жағдайында 47 АЕК төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу кезеңі 8 жыл.    

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы Ақтобе облысының кәсіпкерлік қоғамдастығына ақпарат беру мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 25 шілдеде Ақтобе облысында түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер, 
«Білім басқармасы» ММ, «Ақтобе» ӘКК» АҚ, «Даму» Қорының Ақтобе облысы бойынша аймақтық филиалы қатысты.   

Жалпы ақпарат:

2019 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша 28 шарт жасалды, олардың шеңберінде 2019 - 2022 жылдар аларығында 9 098 орын-жайды енгізу жоспарлануда, соның 17-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Орал қалаларында құрылыс жүргізу жолымен және 11-уі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында реконструкциялау жолымен іске асырылатын болады.