
2019 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің вице-президенті Рената Винтермен және Орталық Азиядағы PRI (Халықаралық түрме реформасы) аймақтық директоры А. Шамбиловпен кездесті.
Кездесуде заңмен қарым-қатынастағы балалар үшін заңнамалық және практикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін, террористік белсенділік аумағынан қайтарылған кәмелетке толмағандарды дерадикалдандыру және оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, ол девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы ұйымдарды жабуға және балаларды ұйымдастырудың балама түрін (отбасылық ортаны қамтамасыз ету) пайдалануды ұсынды.
Қазақстан Республикасының БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының негізгі ережелерін жүзеге асыруы туралы IV кезеңдік баяндамасының қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 70-ші сессиясыннда мемлекетке берілген ұсынымдардың орындалуындағы оң үрдістін атап өтті.