ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысын өткізді

Күн тәртібінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелері талқыланды.

2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатқа енетін жаңа өзгерістер қаралды.

Бакалавриатқа, магистратураға және докторантураға қабылдау жүйесі талқыланды.

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің делегациясын қабылдады                                                   
Президент әлемнің жетекші жоо-мен байланыстардың кеңеюі отандық университеттердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Кездесуде Аризона университеті мен отандық жоо арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.

Президент Аризона университетінің ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
 
Асхат Аймағамбетов Аризона университетінің өкілдерімен келіссөз жүргізді                                                   
Білім және ғылым министрлігі, Аризона университеті және Солтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық шеңберінде Аризона университетінің моделі бойынша білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.

Өңірлік университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру процесінде Аризона университетінің үздік тәжірибелері қолданылатын болады
 
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады                             

Президентке білім және ғылым саласын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берілді.

Сондай-ақ дәстүрлі оқу форматына оралу үшін жүргізіліп жатқан ұйымдастыру шаралары туралы баяндалды.

Сапасыз жоғары оқу орындарын жабуға қатысты Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министріне бірқатар тапсырма берді.
 
БҒМ-LIVE айдарында 2021-2022 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатқа қатысты сұрақтарға жауап берілді

Өзекті сұрақтарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Ғани Бейсембаев жауап берді

Әдістемелік-нұсқаулық хат – ұстаздарға көмекші құрал ретінде дайындалатын құжат.

Әдістемелік-нұсқаулық хатта балалардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, оқушылардың денсаулығын жақсарту мен нығайту және  әлеуметтену мәселелері қарастырылған.