
Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің (АҚШ) делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында Аризона университеті мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңеюі отандық университеттердің академиялық және зерттеушілік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Президент Аризона университетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу, сондай-ақ, білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
Аризона университетінің өкілдері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарына барды. Соның ішінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылып отыр.