
Ағымдағы жылғы 12 шілдеде ҚР БҒМ Ақпараттық-талдау орталығында 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) талдамалық және ақпараттық - медиалық сүйемелдеу жөніндегі жоба шеңберінде әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара барысында Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың қанағаттанушылық деңгейін бағалау бойынша әлеуметтік зерттеу қорытындысы шығарылды. Осыған байланысты Сіздердің назарларыңызға негізгі қорытындылар ұсынамыз.
Сауалнамаға 14 өңірден және республикалық маңызға ие 3 қаладан екі мақсатты топ бойынша 2000 респондент қатысты. Бірінші мақсатты топқа колледждердің, ЖОО студенттері, магистранттар, докторанттар, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің педагогтері, ғылыми ұйымдардың басшылары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарының қызметкерлері, білім бөлімдері мен басқармаларының мамандары, сондай-ақ білім беру жүйесінің сарапшылары (1000 адам) кірді.
Екінші мақсатты топ 2 - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, ТжКБ оқушылары мен студенттердің ата-аналары (1000 адам).
Сауалнама нәтижелерінің шолуы Қазақстанда білім және ғылым саласын дамыту мен жаңашаландыру туралы халықтың ақпараттандырылуының жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін көрсетті. Сұралған контингенттің төрттен бір бөлігі (27,7%) өзінің хабардарлығын жоғары деп, жартысынан көбі (56,0%) орташа деп, тек 13,3%-ы - төмен деп бағалайды.
ЖОО, колледждер мен мектеп оқытушыларының 44%-ы Бағдарламамен толық таныс, ЖОО мен колледж студенттерінің 30% - ға жуығы мемлекеттік бағдарламаның негізгі ережелерін білуін жақсы деп бағалайды. Сұралған ата-аналардың ақпараттандырылуы төменірек: 40%-ы БҒДМБ туралы ештеңе естімеген, 23%-ы – ол туралы тек естіген, дегенмен, іске асырылып жатқан іс-шаралар мен жүргізіліп жатқан реформаларды құжаттан әлдеқайда жақсы біледі.
Білім беру саласына (27,7%) қоғамдық қызығушылық Денсаулық сақтау саласына (17,6%) немесе әлеуметтік қорғау мәселелеріне (15,1%) қарағанда, айтарлықтай жоғары, бұл неғұрлым тиімді ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз етумен байланысты.
Халықтың үлкен қызығушылығын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (40,2%), орта білім беру (33,8%), ТжКБ (30,9%), мектепке дейінгі білім беру (27,7%) саласындағы жаңашылдықтар тудырды.
Халық арасында жүргізілген сауалнама білім және ғылым саласы бойынша ең танымал ақпарат көзі теледидар, екінші орында - әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram, ВКонтакте және т.б.) екенін көрсетті. Үшінші орын онлайн мессенджерлер (WhatsApp мұғалімдер/ оқытушы чаттары) арқылы ақпараттандыруға берілген, бұл интернетті кеңінен пайдалануды білдіреді. Төртінші сатыда жаңалықтар мен ақпараттық вебсайттар, бесінші сатыда - ата-аналар жиналысы.
Студент жастар әлеуметтік желілер арқылы білім беру саласындағы жаңалықтар туралы білуді қалайды (Facebook, Instagram, ВКонтакте және т.б.). педагогтер - теледидар арқылы. Педагогтер арасында баспа басылымдарының материалдары (газеттер, журналдар), жаңалықтар мен ақпараттық вебсайттар, сондай-ақ БҒМ ресми сайттары үлкен сұранысқа ие.
Осылайша, жүргізілген зерттеу білім мен ғылымды дамыту мен реформалаудың негізгі мәселелері бойынша мақсатты топтарды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен кең әрі тиімді түрде қамтуды белгілеуге мүмкіндік береді. Қоғам реформалардың негізгі бағыттарын қолдап, жетістіктеріне көз жеткізіп отыр.