2019 жылдың 25 шілдесінде Атырау қаласында «Қаржы орталығы» АҚ, «Атамекен» АКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлермен кездесу өткізеді. Аталған шара Атырау облысының кәсіпкерлер қауымдастығына студеттік жатақханалар құрылысы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Кездесуге қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары және басқа да мүдделі кәсіпкерлер шақырылған.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Күні және уақыты: 2019 жылғы 25 шілдесі, сағ.:15.00
Өткізілу орны: Атырау қ., Сәтбаев даңғылы 78, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залы