
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде отандық автокөлік өнеркәсібі үшін дайындалып отырған алғашқы инженерлер тобы магистрлік диссертацияларын «Азия Авто Казахстан» АҚ зауытының өндірістік аумағында қорғайды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Машина құрастыру», «Металлургия», «Құрылыс», «Геология», «Жылу энергетикасы» сияқты бағыттары бойынша бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлайтын ЖОО-ның базалық тобынаа кіріп отыр.
«Аталған білім бағдарламаларының ерекшелігі мен спецификасы олардың инновациялық мазмұнға ие болуында және тәжірибелік бағдарында», - дейді оқу ісі жөніндегі проректор Николай Линок, - «Дәрістер мен зертханалық жұмыстар университетпен қатар кәсіпорында да өткізілді. Қазір біз 309 магистрант даярлап отырмыз, алдағы уақытта олар біздің өңірдегі және еліміздің кәсіпорындарына жұмыс тартылатын болады. Магистерлік диссертациялар тақырыбы кәсіпорындардың өндірістік қажеттілігін ескеру негізінде, яғни олардың тапсырысы бойынша орындалды. Демек, тақырыптар кәсіпорындарға қажетті бағыттарды қамтып отыр. «АЗИЯ АВТО Казахстан» қазір толық циклді зауытты салып жатқаны белгілі. Осыған байланысты кадр қажеттілігі де артады деген ойдамыз. Біз өндірістің белгілі бір бейініне сұраныс бар мамандарды даярлауға тырысамыз».
Диссертациялық тақырыптардың басым көпшілігі отандық автокөлік өнеркәсібінің негізгі бөлімдерін қамтыған. Мысалы, диссертациялар газ негізінде жұмыс істейтін энергетикалық құрылғылардың тиімділігін, автокөліктің артқы аспасының адаптерін жасаумен «Азия Авто» АҚ құрастыру учаскелерінің жабдықталу технологиялық кешендерін жетілдіру, төзімді жабындарды қолдану негізінде автокөліктердің сырғыма подшипниктерінің ресурсын жоғарылату және басқа да зерттеулер негізінде орындалған.