«Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры тағайындалды

 «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Әлімқұлов Рамазан Сихымұлы тағайындалды

1976 жылы 17 тамызда туған. Білімі жоғары. А. Яссауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану  мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистратура мен  аспирантураны Халықаралық құқық мамандығы бойынша 2001  жылы Ресей халықтар достығы университетінде бітірген. 2012 жыл  мен 2013 жылдар аралығында ҚР Президентінің Халықаралық  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мемлекеттік басқару  мамандығына Ұлыбританияда Ноттингем университетінде оқыған.

 

 Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Бас  прокуратурасының басқарма прокуроры қызметінен бастады.

 

2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бас  сарапшысы;

 

 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің аға сарапшысы;

 

 2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң  департаментінің директоры;

 

2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары;

 

2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының президенті;

 

2016 жылғы 28 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

 

2009 жылы мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. ҚР Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің (2005 ж.) және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі төрағасының алғыстарының (2003 ж.) иегері.

 

«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша заң ғылымдарының докторы.

 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.