
Ақпараттық науқанның мақсаты - баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару.
Іс-шараны өткізу аймағы - Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалалары.
Ақпараттық науқанның ұйымдастырушылары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері, білім, ішкі саясат, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары.
Науқан ұраны: «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!»
Ақпараттық науқанның міндеттері - Балаларды олардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы үлкендер мен балаларды қоса, қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, еліміздің әрбір аймақтарындағы тілшілерді балаларды зиянды ақпараттан қорғау мәселелерін жариялауға тарту.
Ақпараттық науқанның мақсатты топтары - ата-аналар, (заңды өкілдері), балалар, мемлекеттік құрылым, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, ақпарат құралдары өкілдері.
Ақпараттық науқанның ерекшеліктері - республикалық ақпараттық науқан аясында еліміздің әр өңіріндегі облыстық, Астана, Алматы қалалық атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен мына бағыттағы іс-шаралар өткізіледі:
- баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелеріне халықтың назарын заудару - білім беру ұйымдарында оқушылар мен ата-аналар үшін тақырыптық ақпараттық стендтер әзірлеу және толықтыру, БАҚ балаларға көмек көрсететін қызмет туралы ақпарат, сұхбат, мақала жарияланады, ақпараттық материалдар шығару және тарату, флеш-мобтар, дебаттық турнирлер, пікір алмасу алаңдарын, аутрич-кампаниялар ұйымдастырып, өткізу, тақырыптық көрмелер, фотобайқаулар, тақырыптық семинарлар, сынып сағаттары және т.б. ұйымдастыру мен өткізу болжанады;
- ата-ана жауапкершілігін насихаттау – ата-аналар үшін құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру, ата-аналар жиналысын өткізу, балалар мен ата-аналарға консультациялық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізу, ата-аналар үшін семинар-тренингтер өткізу.
- денсаулықтарына зиян келтіретін, кері әсерін тигізетін әлеуметтік желінің ықпалына ұшыраған балаларға көмек көрсетудің тиімділігін көтеру және қолжетімділігін қамтамасыз ету – шұғыл көмекке және қорғалуға мұқтаж балаларды анықтауға, алғашқы жедел көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күйзелістік жағдайдан арылту, телефондар мен компьютерлерде ата-ана бақылауы бағдарламаларын қолдану мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беруге арналған «қызу желілер» ашу.
Күтілетін нәтижелер: баланың құқықтары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің теріс ықпалына түскен жағдайда балаларға көмек көрсетудің кез келген түрлері туралы қоғамның ақпараттандырылуын арттыру; балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қызметіне ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру.