Балалардың құқықтарын қорғау комитетін Балаларды қорғау және адамгершілік-рухани тәрбие комитеті деп атау бойынша жұмыстар жүргізуде

 Балалардың құқықтарын қорғау комитетін Балаларды қорғау және адамгершілік-рухани тәрбие комитеті деп атау бойынша жұмыстар жүргізуде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетін отбасы және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласындағы функциялар мен өкілеттікті беру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Балаларды қорғау және адамгершілік-рухани тәрбие комитеті деп  атау бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Аты өзгеретін комитет кәмелетке толмағандарды адамгершілік пен саламатты өмір салтына баулу арқылы олардың заңға бағынатын мінез-құлықтарын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының қызметіне енгізу функцияларын жүзеге асыратын болады.

 

Орталықтандырылған жұмысты жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелер – комитеттің өңіраралық органдары құрылады.