ҚР БҒМ жауапты хатшысы Амерхан Рахимжанов ИнЕУ-де болды

 ҚР БҒМ жауапты хатшысы Амерхан Рахимжанов ИнЕУ-де болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, саясат ғылымдарының докторы, профессор Амерхан Муратпекович Рахимжанов жұмыс сапарымен Инновациялық Еуразия университетінде болды.

Жауапты хатшы университетпен танысуын «Enactus» командасының инновациялық жобаларының тұсаукесерінен бастады. Онда студенттер өздерінің бизнес жоспарлары жайлы толық айтып өтті.

 

Амерхан Муратпекович өз кезегінде студенттердің жобаларына қызығушылық танытып, жас кәсіпкерлердің бастамалары мен алға қойған мақсаттарына деген ұмтылысын атап өтті. Оған қоса, инновациялық даму жөніндегі проректор Евгений Борисович Никитин Амерхан Рахимжановқа ИнЕУ базасында жұмыс жасайтын өңірлік Технопарктің жүзеге асырып жатқан жобалары туралы және университеттің ғылыми қызметі жайлы айта отырып,   келешек дамуы туралы баяндады.

 

Сонымен қатар, жаңа құрылғылармен жабдықталған зертханаларға экскурсия жасалды. ҚР БҒМ жауапты хатшысы кең материалдық база мен университеттің ғылыми-зерттеу кешендермен танысты.

 

ИнЕУ ректоры Марат Асылбекович Баяндин университет қызметінің бағыттары,  білім және ғылым саласындағы жетістіктері, сонымен қатар, шетелдік серіктестермен нәтижелі ынтымақтастығы туралы айтып өтті.
Жұмыс сапары барысында кішігірім дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда педагогтардың біліктілігін арттыру орталығының директоры Майжан Пшембаевна Турсунова педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлау курстарының бағдарламалары туралы презентациясын таныстырды.

 

Ал Ғылым және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Анастасия Васильевна Алиясова көптілді кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың тәсілі ретінде СLIL әдістемесін таныстырды.
- Бүгінгі таңда заманауи қазақстандық қоғамда тіл саясатын дамыту өте маңызды. Себебі ол табысты келешек өсіп келе жатқан ұрпаққа өте қажет. Бұл жағынан Инновациялық Еуразия университеті уақытпен тең келе жатыр. Осы бағытта көп жұмыс жасап жатқандарыңыз көрініп тұр. Сіздерде білім беру үрдісіне жаңа технологиялар мен әдістемелерді еңгізу үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалғандығын атап өту керек, - деді Амерхан Муратпекович.

 

Жұмыс сапары қорытындысында ҚР БҒМ жауапты хатшысы Амерхан Муратпекович Рахимжанов ИнЕУ қызметіне жоғары баға берді.