Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 3 234 студент жатақхана орындарына зәру. Үшінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде Түркістан облысында 2022 жылдың соңына дейін 2 880 орынға арналған 8 жатақхана құрылысы жоспарланып отыр.
Аталған нысандарды пайдалануға енгізу - студенттер, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жағдайында 47 АЕК төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу кезеңі - 8 жыл.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы Түркістан облысының кәсіпкерлер қауымдастығын хабардар ету мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, 23 шілде күні Түркістан облысында кездесу өткізді. Іс-шараға қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер, «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ, «Даму» Қорының Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалы қатысты.