Асхат Аймағамбетов жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады

Асхат Аймағамбетов жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылғы 29 шілдеде жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға жалпы 30-дан астам адам жазылды, олардың ішінде тек Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ғана емес, Алматы, Ақтөбе қалаларынан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және басқа өңірлерден келген азаматтар болды. Асхат Аймағамбетов үзіліссіз төрт сағаттың ішінде барлық азаматтың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, сұрақтарға түгелімен жауап берді.

Азаматтар өздерінің өтініштерінде білім гранттарын жұмыспен өтеу, ЖОО-ға оқуға түсу мен қайта қабылдану, балабақшаларға орын бөлу, «Болашақ» бағдарламасымен оқу, білім саласын дамыту туралы сұрақтарды, сонымен қатар орта білім беру ұйымдарында FeebMe платформасын енгізу, «Жаңа білімді болашақ» жобасы бойынша ҰБТ-ға даярлау және т.б. ұсыныстарды қозғады.

Кейбір сұрақтарға жауап беру қосымша уақытты қажет ететін болғандықтан, министр ол мәселелерді жеке бақылауына алды. Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша комиттеттер мен департаменттер басшыларына қолданыстағы заңнама шеңберінде көмек көрсету тапсырылды.